Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникациялар желілерін нөмірлеудің
ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 559 Бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 6 маусымдағы № 313 бұйрығымен күші жойылды
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай телекоммуникациялар желілерін нөмірлеудің ресурстарын бөлу және пайдалану ережесін бекіту.
2. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның кейбір бұйрықтары күшін жойғанын мойындау.
3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс департаменті (Ә.Е. Баймұратов) белгіленген заңнамалық тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Төраға | Қ. Есекеев |
Ақпараттандыру және байланыс
агенттігі Төрағасының
2009 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 559 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының бірыңғай телекоммуникациялар желілерінің нөмірлеу
ресурстарын бөлу және пайдалану
ережесі
1. Жалпы ереже